"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӨРКЕН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "ӨРКЕН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл үйрену мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады.

«Ата-аналар сіздер үшін»

 

Қазақ тілі мұғалімі: А.Е.Темиргалиева

 

Тіл үйрену мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Бұл жастағы балалар тілді үйренуге бейім, ересектерге еліктейді. Мектепке дейінгі балалық шақта мемлекеттік тілді ерте үйрену баланың жеке басының үйлесімді дамуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында: «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады» -деп, атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі ұлттық бірегейлікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Өзінің ұлттық мәдениетін, ата-бабаларының салт- дәстүрін сақтауға және дамытуға деген ұмтылыс ана тілін үйренудегі ұлттық сана-сезімнің айқын дәлелі.

Әр түрлі ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйрету тілдік сананың жаңа жүйесін қалыптастырудың күрделі процесі болып табылады. Балаларда әлеуметтік қарым-қатынастың алғашқы дағдылары құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды сөйлеуге үйретуде маңызды рөл атқарады.

Тілдерді ерте жастан үйрету баланың зияткерлік қабілетін дамытуға сонымен қатар, балаларды мемлекеттік тілге және өз елінің мәдениетіне баулуға мүмкіндік береді.

ҚР   мектепке   дейінгі   тәрбие   мен   оқытудың  мемлекеттік   жалпыға міндетті стандарты балаларға 3 жастан бастап қазақ тілін оқытуды көздейді.

Балаларға мемлекеттік тілді үйрету ұйымдастырылған іс-әрекетте, күнделікті әрекеттерде ойын түрінде жүзеге асырылады. Ойын-жетекші әрекет және балаларды дамытудың негізгі құралы.

Қазақ тілі сабақтары балалардың жас, психофизикалық ерекшеліктерін және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген бағдарламалық талаптарды ескере отырып жоспарланады.

Педагог қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы туралы мәліметтер береді. Балалар ұлттық мерекелермен, салт-дәстүрлермен, ұлттық тағамдармен, киімдермен, халық және әдеби ертегілердің кейіпкерлерімен танысады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне қызығушылық пен құрметке баулу үшін тәрбиеленушілермен сабақтарды ойын түрінде - саяхат, саусақ, үстел үсті театрларын қолдана отырып, театрландырылған қойылымдар түрінде өткізуге болады. Ауызекі сөйлеуді, дыбыстарды анық айтуды дамыту үшін: мнемосызбалар, мнеможолдар, сөз ұйқастары, санамақтар, тақпақтар, сергіту сәттерін қолдануға болады. Сергіту сәттері тек шаршағанды басып қана қоймайды, сондай-ақ зейін мен есте сақтау қабілетін дамытады.

 

Мемлекеттік тілді меңгерудің негізгі факторы:

  • ата-аналардың балаларының мемлекеттік тілді меңгеруін қалауы;
  • тәрбиеленушілердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білетін жоғары білікті педагог кадрлардың болуы;
  • әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды, дамытушы ойындарды қолдану болып табылады.

 

Күтілетін нәтиже:

  • мемлекеттік тілдің нормалары мен ережелерін меңгереді, дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады, базалық лексикалық және сөздік қоры жинақталады;
  • қазақ тіліндегі сөздердің мағынасын түсінеді;
  • бір-бірімен логикалық тұрғыда байланысты жеке мәліметтерді айтады; коммуникативтік қабілеттері дамиды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қазақ тілін үйретуде оқытудың инновациялық нысандарын кеңінен қолданады. Жүйелі жұмыс нәтижесінде бала қазақ тілін меңгереді және мемлекеттік тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алады.

 

 

 

Жаңартылған күні: 16.04.2024 17:34
Құрылған күні: 16.04.2024 19:02

Текст