"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӨРКЕН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "ӨРКЕН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жарақаттанудың алдын алу

Бала денсаулығын сақтаудың бір жолы жарақаттанудың алдын алу. Бала жарақаты әртүрлі жағдайлар мен себептерге

байланысты болады. Сондықтан, негізгі назар балалармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға аударылуы тиіс. Бұл жұмыстар ата-аналар, тәрбиешілер, мейірбикелердің тығыз байланыста болуы арқылы жүргізіледі. Соғылу, сыну,

шығарып алу және т.б. сияқты жарақаттар аяқ асты орын алады. Балалар ең алдымен қоршаған ортаның қолайсыздығы, көңіл бөлмеу, қамсыздық, асығыстық, жол ережелерін сақтамау, көшеде, үйде, ойын кезінде, күнделікті тұрмыста бала тәртібінің дұрыс болмауының және т.б. салдарынан жарақат алуға тап болады.

Жарақаттану түріне қарай тұрмыстық, спорттық, көліктік жарақаттану деп бөлінеді.

Тұрмыстық жарақаттану жағдайлары мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Қауіпті жағдайларды болдырмас үшін, сыртқы және ішкі өрттен сақтануға арналған баспалдақтар бала бойынан биік ағаш шарбақтармен

қоршалуы тиіс. Ал балабақшадағы баспалдақ қанаттары үлкендердің бойынан төмен дайындалғаны дұрыс.

Топ бөлмелерінің есіктері әйнек болмауы керек, өйткені балалар қозғалыс кезінде әйнекті оңай сындырып, жарақат

алуы мүмкін. Немесе, олар сынбайтын қалың әйнектен жасалауы керек. Жылыту батареяларын ағаш тіректермен қоршаған дұрыс. .

Тамақтану кезінде балаларды үстел басына дұрыс отырғызбау, олардың ыстық тамақтан күйіп қалуына әкеледі.

Сондай-ақ тәрбиеші мен ата-аналар баланы пышақ пне шанышқаны дұрыс қолдана білуге үйретуі тиіс. Кезекші балаларға ыстық тамақ тасуға қатаң тиым салынады. Топқа ыстық тамақ әкелетін тәрбиешінің көмекшісі өте сақ болуы тиіс. Бала үнемі тәрбиешінің қатаң қарауында болуы керек. Балалар арам шөптермен уланып қалмас

үшін, ойын алаңдарында улы жемістер өсетін бұталарды, арам шөпті жұлып отыру керек. Жарақаттанудың алдын алуды балабақшадан бастау крек: қажетті кітаптар оқу, бейнефильмдер көру, әңгімелесулер, арнайы сабақтар өткізу, тиісті ұйымдармен кездесулер ұйымдастыру жұмыстарын өткізген дұрыс.

Жолдан өту кезінде баланың қолынан ұстап өту керек. Бала көшеге шыққан кезде, оған жан-жағына қарауды, жолдан өту ережелерін сақтауды жиі ескерту, үнемі бекітіп отыру керек. Серуендеу кезінде балалармен ең кемінде екі ересек адам бірге болуы тиіс. Біреуі саптың басында, екіншісі соңында жүреді. Төменде көрсетілген жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету: Сызат жара немесе кесіп алу. Бұндай жағдайларда жарақаттанған жерді сабынды суға салынған мақталы тампонмен немесе таза дәкемен жуып тазалайды. Сондай-ақ жараны сутек тотығымен шайып таңып тастау керек. Жәндіктер мен жануарлардан келген залалдар. Жәндіктер шағып немесе жануарлар тістеп алған жағдайда жедел жәрдем келгенше жарақаттанған жерді сабынды суға салынған мақталы тампонмен немесе таза дәкемен жуып тазалайды. Микробтар түспес үшін жараны тағы да сутек тотығымен тазалап, таңғышпен орап таңу керек.Мұрыннан қан кеткенде алдымен баланы тыныштандырып, бірнеше минут орындыққа отырғызу қажет. Содан кейін басын бір жағына қарай бұрып, сәл көтеру керек. Мұрынға қол тигізуге болмайды. Бастың кез келген жеріне алдын ала сүлгіге оралған мұз басу керек.Буынның шығуы. Шыққан буынды мүлдем қимылдатпай қолда бар құралдары: тақтайша, картон, және т.б. пайдалана отырып таңып тастау керек. Осындай жарақаттарға байланысты шұғыл жағдайларда ересектердің де өздерін дұрыс ұстағаны жөн. Үлкендердің мінез-құлқы балалар үшін үлгі екенін ұмытпаңыздар!

Медбике: Юшина И.В.

Жаңартылған күні: 21.05.2024 16:20
Құрылған күні: 21.05.2024 16:28

Текст