31.10.2025
«Өркен» бөбекжай базасында 2025 жылғы 31 қазанда мектепке дейінгі ұйымның жас педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық – коммуникативтік технологиялар» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумның мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану саласындағы жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында спикерлер жас педагогтарды заманауи интерактивті құралдармен және цифрлық платформалармен таныстырды, дидактикалық және мнемотехникалық материалдарды жасауда АКТ-ны қалай қолдануға болатынын көрсетті, осылайша АКТ-ның тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудағы рөлін ашты.
«Беске дейін үлгер» // «Успеть до пяти» цифрлық ресурсы арқылы ата-аналармен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын қалай қалыптастыруға болатынын көрсетті. Семинар қызықты және пайдалы ақпаратқа толы болды.