"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӨРКЕН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "ӨРКЕН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

1 қыркүйек - МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

01.09.2026

Балаларды мектепте оқуға дайындау бойынша жұмыс мектепалды жастағы балалардың жас және жеке ерекшеліктері ескеріліп, жүйелі  жүргізілуі тиіс.

Тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға, негізгі физикалық қасиеттерін дамытуға, ұсақ және жалпы моториканы жетілдіруге, мәдени-гигиеналық дағдылар мен салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыруға назар аудару ұсынылады.

Мектепке дайындаудың маңызды құрамдас бөлігі таным процестерін: зейін, есте сақтау, ойлау, қабылдау, қиял мен сөйлеуді дамыту болып табылады. Балалардың бақылау, салыстыру, талқылау, қарапайым себеп-салдарлық байланыстар орнату, өз ойын жеткізу, әңгімелесуге қатысу, мәтіндерді қайталап айту және әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру қажет. Сөздік қорды байыту мен байланыстырып сөйлеуді дамытуға ерекше мән беру қажет.

Сауат ашу мен математика негіздерін қалыптастыруды практикалық әрекеттерді, көрнекі құралдар мен дидактикалық ойындарды қолданып, ойын түрінде өткізуге болады. Балаларда дыбыстар туралы түсініктерді қалыптастыру, фонематикалық естуді дамыту, кеңістік пен уақытты бағдарлау, санау, заттарды шамасы, пішіні мен саны бойынша салыстыру қабілетін дамыту қажет, сондай-ақ, мектеп бағдарламасының қайталануына және шамадан тыс оқу жүктемесіне жол берілмеуі тиіс.

Просмотров: 431


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст