"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӨРКЕН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "ӨРКЕН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымының қызметкерлеріне, педагогтеріне, білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қарулы шабуыл жасау

Қызметкерлерге, педагогтерге, білім алушылары мен тәрбиеленушілерге қарулы шабуыл жасалған кезде өзін-өзі оқшаулау үшін шаралар қабылдау, қауіпті аймақтан дереу шығу, сондай-ақ ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлау қажет.

Жасырынып, террористердің кетуін күтіңіз және мүмкін болған жағдайда ғимараттан шығыңыз.

Басшының іс-қимылы:

  • қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы Құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды дереу хабардар ету;
  • объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі тосын жағдай туралы хабарлау);
  • терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимыл жасау.

Персоналдың іс-қимылы (қызметкерлер, педагогтер):

  • жағдайды бағалаңыз, білім алушылармен бірге ғимараттан қалай кететініңіз туралы нақты жоспар жасаңыз;
  • егер оқушылармен бірге қауіпсіз эвакуациялануға мүмкіндік болса, ғимараттан шығыңыз;
  • заттар мен сөмкелерді қалдырыңыз;
  • қолыңызды жасырмаңыз, олар көрініп тұруы керек.

Егер ғимараттан шыға алмаған жағдайда:

  • кабинеттен, топтан жылдам шығып, дәліздегі барлық білім алушылар, тәрбиеленушілер мен қызметкерлерді өз кабинетіңізге бағдар беру;
  • сізге таныс емес немесе кіруге рұқсаты жоқ ересектерді кабинетке немесе топқа жібермеу;
  • есікті мықтап жабыңыз, мүмкіндігінше кілтпен;
  • терезелерді жабыңыз, барлық перделерді түсіріңіз немесе жабыңыз;
  • шабуылдаушы оларды есікке қарап көре алмайтындай етіп білім алушыларды қабырғаға тұрғызыңыз;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілерге "Қауіпсіз бұрыш" табыңыз;
  • жарықты сөндіріп және компьютерлердің мониторларын өшіріңіз, ұялы телефондарды дыбыссыз сигналға қойыңыз;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін тыныштықты қамтамасыз ету;
  • қатысу парағын толтырыңыз (дәліздерден кірген білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тізімдеңіз (жоғарыда көрсетілгендей) және осы сыныпта болуы керек, бірақ жоқ болған білім алушылардың тізімін жасаңыз.

Ескерту: шамдарды өшірмес бұрын, барлық қызметкерлер сабаққа қатысу журналын тауып, қолында ұстайды. Бұл барлық білім алушылар мен тәрбиеленушілерді эвакуациялауға көмектеседі.

  • спорт залындағы білім алушыларды шешінетін бөлмеге ауыстырып, барлық есіктерді құлыптап, қауіпсіз орын табу керек;
  • асханалардағы білім алушыларды жақын сыныптарға көшіру қажет;
  • егер қызметкерлер мен білім алушылар білім беру ұйымының ғимаратынан тыс жерде болса, олар ең жақын қауіпсіз жерге жетеді, тоқтайды, жатып қалады және қозғалмайды;
  • егер қызметкерлер, білім алушылар және тәрбиеленушілер дәретханада болса, олар кабинаны жауып, жарықты сөндіреді;
  • дәліздегі барлық адамдар дереу жақын сыныпқа көшіп, жарықты сөндіреді;
  • медбикелер/асхана қызметкерлері/көмекші қызметкерлер өздері тұрған бөлмеде қалып, есіктерді жауып, жарықты сөндіреді;
  • білім алушылар мен кітапхана қызметкерлері кітапханада қалады. Кітапханашылар есіктерді құлыптап, жарықты сөндіріп, балалар мен өздері үшін қауіпсіз орын табады.

Ескерту: Басшының өкіміне дейін қауіпсіз жерлерде болыңыз.

Білім алушылардың іс-қимылы:

  • дүрбелең болмау, барлық жағдайда мектеп қызметкерлері мен мұғалімдерін тыңдау;
  • объектіні білдірмей тастап кету, мүмкін болмаған жағдайда-қауіпсіз жерде жасырыну;
  • есікті құлыптау, құқық қорғау қызметкерлерінің келгенін күту;
  • құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар етуге міндетті.

Ескерту: басшының немесе педагогтардың өкіміне дейін қауіпсіз жерлерде болыңыз.

Білім беру ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың іс-қимылы:

  • қарулы шабуылдаушыны анықтау;
  • мүмкіндігінше объектіде адамдардың жаппай болу орындарына оның жылжуын бұғаттау;
  • қарулы шабуыл фактісі туралы объект басшылығына, құқық қорғау және/немесе арнайы мемлекеттік органдарға кез келген тәсілмен хабарлау;
  • объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау).

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 07.09.2024 21:55
Құрылған күні: 07.09.2024 21:55

Текст