№ |
Себептері |
Сипаттамасы |
1 |
Тұқым қуалаушылық |
Гипербелсенді балалардың ата-аналарының 57 % ұқсас симптомдар байқалды: гендік құрылымдардың зақымдануы нәтижесінде жүйке жүйесіндегі дефаминдік және сератиндік үдерістердің бұзылуы |
2 |
Ананың денсаулығы |
Аллергиялық аурудан, демікпеден, экземадан немесе бас ауруынан зардап шегуші аналар |
3
|
Жүктілік пен босану |
Іштегі нәрестеге оттегінің жетіспеуі; күйзеліс пен шылым шегу; ауқымды физикалық жүктеме; дұрыс тамақтанбау; вирустық жұқпамен ауыру; қиын босану: мерзімінен бұрын, тез, ұзаққа созылған; наркозбен улану; асфиксия |
4 |
Организмдегі майлы қышқылдардың тапшылығы |
Тапшылықтың симптомдары: үнемі ыстықтау, терінің құрғақтығы, құрғақ шаштар, несептің жиі шығуы, аллергиялық аурумен ауыру жағдайлары |
5 |
Қоршаған орта |
Диоксиндер: хлорланған көмірсутектерін өндіру, өңдеу, өртеу. Ауыр металл тұздары: молибден, кадмий, канцероген, хромды цинк; күшті нейротоксин – атмосферадағы қорғасын |
6
|
Құнарлы элементтердің тапшылығы |
Микроэлементтер: цинк, магний, B12 дәрумені |
7 |
Тамақтану |
Консерванттар, хош иістендіргіштер, жасанды толықтырғыштар. Тағамдық бояуыштар бас миының теңгерімсіздігіне әкеледі |
8 |
Әлеуметтік фактор |
Жоғары әлеуметтік қауіп отбасылары: педагогикалық бақылаусыздық; эмоционалды байланыстың жоқтығы; тәрбие режимін қаталдандыру; либералды, салғырт тәрбиелеу |