Ойында ерте дамыту және тәрбиелеу.
Сәбидің жиі қуануы, күлуі және белсенді болуы үшін ойындарда ерте жастағы балалардың денсаулығын нығайту мен толыққанды даму жағдайлары қамтамасыз етіледі. Ойындар сергіту уақытында жеке және шағын топтармен өткізіледі. Балалар ересектердің басшылығымен ойнайтын ойыншықтар олардың еркін пайдалануына беріледі. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін балалардың ойыншықтарға деген қызығушылығы жоғалмау үшін олар ауыстырылады немесе жаңартылады. Педагогтер мен ата-аналар балаларда эмоционалды-жағымды жағдай, қуанышты көңіл-күй, бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажеттігін тудыратын ойын-сауықтар өткізеді, олармен үнемі қарым-қатынаста болады. Балаға және барлық балаларға тікелей айтылған ересектің сөзін тыңдауы және түсіне білуі дамиды, құрдастарына тілектестік қатынасқа, эмоциялық елгезектікке және өзінің жетістіктеріне куана білуге тәрбиелейді. Ән балалардың эмоционалдық саласына ақыл-ойының және эстетикалық дамуына жағымды ықпал ететіндіктен, олардың қабылдауына түсінікті, классикалық және халық әндерін тыңдауға үйретеді. Сонымен қатар балаларға арналған әртүрлі музыкалық аспаптармен ойындар өткізіледі