Текст
29.10.2025
"Өркен" бөбекжайының меңгерушісі Г.Ж. Бакова ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдардың ваучерлік қаржыландырудың жаңа алгоритміне көшуі Көкшетау қаласында ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап жоспарланғанын хабарлады. «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидатына негізделген ваучерлік қаржыландыру тетігі енгізілуде: бұл ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдарды таңдауға мүмкіндік береді, ал мемлекет шығындарды өтейді. Қаражат ата-аналар тіркеген балабақшаға қатысқаны расталғаннан кейін ғана аударылады.