Текст
29 қыркүйек күні "Өркен" бөбекжайында "Мектепалды даярлық топтарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру" тақырыбында облыстық семинар өтті. Ақмола облысының педагогтары үшін "Robomaus" роботын және көпфункционалды киіз үйді қолдана отырып, мектепалды топтарда ұйымдастырылған іс-әрекеттірі ұсынылды. Сондай-ақ, педагогтар "Луллия шеңберлерін" және "Разумейка"цифрлық платформасын пайдалану бойынша шеберлік сыныбына белсенді қатысты. Музыка жетекшілері "Квест - тренинг" өткізді, денешынықтыру жетекшілері шынығу шараларымен таныстырды. Тәрбиешілер жұмыс тәжірибесімен алмасып, өз әсерлерімен бөлісті.