Текст
Қазақстан Республикасы-әртүрлі ұлт өкілдері бейбіт және тату өмір сүретін орасан зор ел. Дәстүр бойынша 5 қыркүйекте қазақстандықтар Қазақстан халқының Тілдер күнін атап өтеді. Өйткені, тіл-қарым-қатынас пен достықтың негізгі бағыттаушысы. Бұл күн еліміздің барлық халқының тілі мен мәдениетін құрметтеудің ерекше мерекесі болды. "Өркен" бөбекжайының тәрбиеленушілері де осы жақсы дәстүрден тыс қалмады.