Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, “Өркен” бөбекжайы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 19.06.2020ж.
“Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы” 254 бұйрығына сәйкес жеңілдіктері бар санаттарға жататындар:
1) әскери қызметшінің, оның ішінде қызмет атқару кезінде қаза тапқанның, қайтыс болғанның немесе хабар-ошарсыз кеткеннің баласы;
2) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, оның ішінде қызмет атқару кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкердің баласы;
3) заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың баласы;
4) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала;
5) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
6) жетім бала;
7) көп балалы отбасыдан шыққан бала;
8) педагогтің баласы;
9) мүгедек баласы бар отбасынан шыққан бала;
Осы аталған санаттағылардың жеңілдіктерін растайтын құжаттардың көшірмесін бөбекжайға ұсыну қажет болады.