Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы (бұдан әрі - «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, болып аталады) әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан - Адал азамат - Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған - бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл баршаға және әрбір адамға бірдей мүмкіндік беретін қоғамды қалыптастыратын адал азаматтар табанды еңбегімен еліміздің дамуына өз үлес қосқанда ғана мүмкін болады.
Озық дамыған мемлекет құру үшін азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы қажет. Осыған орай жастарды тәрбиелеу «Адал азамат» идеясымен үндеседі. Бұл балалар мен жастардың бойында әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын дарыту арқылы адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал, әділетті азаматтарды тәрбиелеуге бағыт береді.
Ал, «Әділетті Қазақстан» идеясы әрбір азаматқа өзін-өзі жүзеге асыруға және табысқа жетуге бірдей мүмкіндік беретін қоғам құру мақсатын көздейді. Бұл мақсатқа жету үшін балалар мен жастардың бойында тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, заң мен тәртіп құндылықтарын дамытуды қажет етеді.
«Озық ойлы ұлт» идеясы балалар мен жастардың бойында білімге құштарлық, шығармашылық және инновациялық ойлау, кәсіби даму, бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дамыту арқылы өзгерістерге бейімделіп, инновациялық технологияларды ұтымды қолданатын ұлтты қалыптастыруға бағытталады.
Демек, қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу «Әділетті Қазақстан - Адал азамат - Озық ойлы ұлт» үштағанымен сабақтасады. Бұл әрбір азамат өзінің маңыздылығын, жауапкершілігін және ортақ іске қосқан үлесін сезінетін әділетті, дамыған және инновациялық қоғам құруға мүмкіндік береді.
Аталған идеялар мен құндылықтар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) негізіне айналады. Бағдарлама құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдері негізінде білім алушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі мақсат пен міндеттерді айқындайды.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев озық дамыған мемлекет құру өскелең ұрпаққа тікелей байланысты екендігіне тоқталып, оларды тәрбиелеуге ерекше назар аудару міндетін қойды. Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын:
Ұлт болашағы балалар мен жастардың бойына қандай құндылықтар сіңіретініне байланысты, сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан Бағдарлама елімізді жаңартатын «Қағидамыз - әділдік, тірегіміз - жауапкершілік, мақсатымыз - өрлеу» ұстанымына негізделеді.
Бағдарламаның мақсаты: қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
Бағдарламаны іске асыру құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелеріне негізделеді. Олар оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз етіп, білім алушылардың қоғамда табысты өмір сүруі үшін қажетті дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Тәрбиедегі құндылыққа бағдарланған тәсілдеме білім алушылардың дүниетанымын, мінез-құлқын және қоршаған әлемге деген көзқарасын анықтайтын құндылықтар жүйесін қалыптастыруға негізделген. Тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық білім алушылардың моральдық таңдауын, мінез-құлқы мен іс-әрекетін айқындайтын түйінді құндылықтар болып табылады. Түйінді құндылықтар Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі тәрбие мазмұнын айқындайды және білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың өзара үйлесімді бірлігін қамтамасыз ету үшін білім беру мазмұнына кіріктіріледі. Түйінді құндылықтар пән мазмұнының, сыныпта және сыныптан тыс іс-шаралардың ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Білім алушылардың бойында түйінді құндылықтарды қалыптастыру құзыреттілік тәсілдемесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл білім алушылардың бойындағы құзыреттер жиынтығын құрайды және білім беру ұйымы түлектерінің моделін айқындайды:
Тәрбиеде құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдемелері бірбірін толықтырып, өмірлік сын-қатерлерге төтеп бере алатын және табысты әлеуметтенген жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс ісшаралары арқылы жүзеге асырылады.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту.
Мектепке дейінгі ұйым түлегі:
Құзыреттілік: тиімді коммуникация.
Мектепке дейінгі ұйым түлегі: