02.10.2025
Мемлекет басшысының құттықтауы
Мемлекет басшымыз, бүгінде педагогтерді алдағы келе жатқан төл мерекемен құттықтап, ұстаздар қауымына құрмет көрсетілетінін айта отырып, педагог мәртебесін арттыра түсуде. Яғни, еліміздің болашағы мен ұрпақ тәрбиесіндегі біздің жауапкершілігімізді де арттырғандай.
Құрметті ұстаздар, сіздерді ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтап, еліміздің болашағы мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңізге табыс, абырой тілейміз!
Ұстаз – ұрпақтың шамшырағы, елдің болашағына жол ашатын тұлға. Сіздердің еңбектеріңіз – талай шәкірттің өмірін нұрландырып, олардың арманына қанат бітірді.
Бүгінгі буынның білімді, тәрбиелі, отансүйгіш болып өсуі – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.
Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт пен береке тілейміз. Шәкірттеріңіздің қуанышы мен жетістігі әрқашан еңбектеріңіздің лайықты жемісі болсын!
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!