11.03.2026
5 наурызда "Өрлеу" БАИ ұйымдастырған облыстық семинар өтті. Іс-шараға облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары қатысты.
"Өркен" бөбекжай-бақшасының педагогтары өздерінің шеберлік сыныптарын таныстырып, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және оқыту бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:
Курманова Салима Айдарбековна — «AR технологиясын қолдану арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда ерте кәсіби бағдар беру»;
Есмагамбетова Аягоз Жамбуловна — «Фребель ойындары арқылы балалардың сенсорлық және зияткерлік дамуын қалыптастыру»;
Матина Гульмира Омирзаковна — «Ертегілер: мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын және ойлау дағдыларын дамыту»;
Кабильжапарова Айтолқын Кунанбаевна — «Балабақшадағы балалардың танымдық белсенділігін ковролинография арқылы арттыру».
Мастер-класс барысында педагогтар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеудің заманауи педагогикалық технологиялары мен тиімді әдістерін көрсетті. Семинарға қатысушылар ұсынылған тәжірибенің практикалық маңыздылығын және осы әдістемелерді өздерінің педагогикалық қызметінде қолдану мүмкіндігін атап өтті.