"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӨРКЕН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "ӨРКЕН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында өткізілген әдістемелік жұмыстар туралы мәлімет

13.03.2026

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында өткізілген әдістемелік жұмыстар туралы мәлімет

2026 жылға арналған «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету бойынша іс-шаралар жоспары аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында құқықтық мәдениетті арттыру, педагогтердің кәсіби жауапкершілігін күшейту және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында бірқатар әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осы бағытта педагогтермен «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» және «Педагог – заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыратын тәлімгер» тақырыптарында әдістемелік тренингтер мен практикалық кейстер өткізілді.

Тренинг барысында педагогтерге педагог қызметінің құқықтық негіздері, олардың кәсіби құқықтары мен міндеттері, еңбек заңнамасын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ білім беру процесінде заң талаптарын орындаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Практикалық бөлімде педагогтер түрлі жағдаяттық тапсырмалар (кейс-стади) арқылы мектепке дейінгі ұйымдағы нақты жағдайларды талқылап, оларды заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастырды. Атап айтқанда:

  • педагогтің кәсіби этикасын сақтау;
  • балалардың құқықтарын қорғау;
  • ата-аналармен құқықтық мәдениет негізінде жұмыс жүргізу;
  • қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Тренинг барысында педагогтер топтық жұмысқа белсенді қатысып, тәжірибелік тапсырмалар орындады, пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік кейстер педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби жауапкершілігін нығайтуға және заңға бағынатын мінез-құлық үлгісін қалыптастырудағы педагогтің рөлін түсінуге мүмкіндік берді.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде педагогтердің құқықтық мәдениеті артып, білім беру процесінде «Заң мен тәртіп» қағидаларын сақтау маңыздылығы тағы да айқындалды.

 

 

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст