Текст
20.03.2026
🌸 Наурыз мейрамы құтты болсын! 🌸
Біздің «Өркен» бөбекжайымызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кеңінен атап өтілді. 🎉
Балалар ұлттық дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұлттық ойындар ойналып, көріністер қойылып, барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осы мереке әр шаңыраққа береке, бірлік пен қуаныш әкелсін! 🌿