"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӨРКЕН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "ӨРКЕН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмысы туралы әдістемелік ұсыныстар

22.05.2026

Жазғы сауықтыру кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастыруды жөнңнде педагогикалық жиналыс өтті. Мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмысының негізгі мақсаты – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, балалардың қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз ету және тәрбиеленушілердің танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және денсаулығын нығайтуға ең тиімді жағдай жасау болып табылады.

Жаз мезгілінде балалардың таза ауада болуы олардың ағзасын нығайтуға және шынықтыруға ықпал етеді, баланың дене, психикалық және эмоционалдық дамуына оң әсер етеді. Сонымен бірге жазғы кезең балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жарақаттанудың алдын алу, санитарлық-гигиеналық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуды талап етеді.

Мектепке дейінгі ұйымда жазғы сауықтыру жұмысын дұрыс ұйымдастыру мыналарды қамтамасыз етеді:

  • балалардың дене және психикалық денсаулығын нығайту;
  • қимыл-қозғалыс белсенділігі мен танымдық қабілеттерін дамыту;
  • қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру;
  • балалар жарақаттарының алдын алу;
  • эмоционалды жағымды және қауіпсіз ортаны құру;
  • ата-аналарға (заңды өкілдерге) жазғы кезеңде балаларды сауықтыру, шынықтыру және қауіпсіздік мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі салауатты, қызығушылығы жоғары, қарым-қатынасқа бейім, сыни ойлайтын балаларды қалыптастыруды     және    баланың    даму    үдерісінің             тұтастығын            қазіргі педагогикалық             әдістер    мен         ұлттық        ерекшеліктерді        үйлестіру            негізінде

қамтамасыз етуді көздейді.

Жазғы сауықтыру кезеңінде тәрбиеленушілерде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру ерекше маңызға ие:

  • серуендеу және ойын алаңында;
  • қимылды және спорттық ойындар кезінде;
  • сумен, құммен, спорттық құралдармен жұмыс істеу кезінде;
  • экскурсиялар мен серуендер кезінде;
  • күн астында және ыстық ауа райында болғанда;
  • бейтаныс адамдармен, жануарлармен және жәндіктермен қарым-қатынас кезінде;
  • жол қозғалысы ережелерін сақтау кезінде.

Сонымен қатар, баланың тұлғалық қасиеттерін рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде, ұлттық мәдениет пен отбасылық дәстүрлер арқылы қалыптастыру жалғасады.

Просмотров: 2904


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст