24.06.2026
2026 жылының 9 маусым күні "Өркен" бөбекжай мекемесінде «Деструктивті діни ағымдардың қаупі» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Дәрісті религиовед Кошмаганбетов Р.М. жүргізіп, деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері, олардың белгілері мен алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Дәріс барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ұйымдардың ерекшеліктері түсіндіріліп, жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, интернет желісінде таралатын күмәнді діни ақпараттарға сыни көзқараспен қарау қажеттілігі жөнінде айтылды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты жауап алды. Кездесу жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен толеранттылық құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.