Текст
"Өркен" бөбекжай базасында қазақ тілі мұғалімдерінің қалалық қоғамдастығы үшін "Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәдениетін дамытуда заманауи әдістерді қолдану"атты семинар өткізілді. Қазақ тілі мұғалімдері Темірғалиева Айнагүл Ерденқызы мен Жәкішева Әсем Нұрланқызы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілеттерін жақсарту шарты ретінде сөйлеуді дамытудың заманауи технологиялары мен әдістерін тиімді енгізуді көрсетті. Мұғалімдер әріптестерін жаңа цифрлық білім беру ресурстарымен таныстырды: Digi touch, Activinspiere, Wordwall, Learningapps. Осы цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс интерактивті тақтада және Touch Panel көрсетілді.