Текст
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы "Көкшетау қаласы" Өркен" бөбекжайы" МКҚК және Омбы қаласының "Баланы дамыту орталығы-№302 балабақша" бюджеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесі ZOOM цифрлық платформасы арқылы "Шығармашылық арқылы табыс жағдайын жасау" тақырыбында халықаралық семинар өткізді.
Кездесу барысында мектепке дейінгі педагогтар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылады, шығармашылық қызметтің жаңа түрлері туралы әңгімеледі, Омбы және Көкшетау мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысымен танысты.