"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӨРКЕН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "ӨРКЕН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарынды балалармен жұмыс

02.02.2018

Дарынды балалармен жүргізілетін

"Дарын" қазақ тілі үйірмесінің

 2017-2018 оқу жылына арналған

жұмыс жоспары

Дарынды балалар қандай – олар әртүрлі, бір-біріне мүлде

ұқсамайды. Көпшілікті өзіне іс-әрекетімен, қабілеттілігімен бірден баурап

алады. Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен балалар,

өз қатарластарын басып оза, мұғалімнің ерекше мейірім ықыласына

бөленеді. Дарынды балалар ортада өзін емін-еркін ұстай отыра, өздерін

басқаның алдында биік ұстай біледі. Балалардың кейбір дарындылығы көбінесе

байқала бермейді, оның қабілетін, дарындылығын дамыту – ұстаздың қолында.

Ұстаз оқушыға қалай бағыт берсе, ол соған қарай бейімделеді. Балалармен

бірге жұмыс істеуді тек ұстазға артып қана қоймай, ата-аналарда бірге

жұмыс істеуі керек. Сонда ғана баланың ойлау қабілеті арта түседі. Ата-аналар

мен ұстаздарға баланың бейімділігін арттырып, анықтай түсуге келесідей

әдістемелер қолданылады:  Дарындылық картасы, Интеллектуалдық портрет

т.б  Әр бала әртүрлі қабілетімен ерекшеленеді. Биге, сурет салуға, әнге,

есепке т.б жақын болып келеді. Осы орайда баланың дарындалығын әрі

қарай дамыту мақсатында барлық жағдай жасалуы тиіс.

Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи

қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен

қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие. «Неғұрлым баланың қабілеті мен

талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға

мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы

үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалып

қоюы мүмкін» дейді американдық ғалымдар. Олай болса, жастайынан бойына

біткен талантты ары қарай дамыту әр ата-ананың борышы демекпіз.  ХХI

ғасыр ұстаздарының басты міндеті - бала бойындағы ерекше дарын,

қасиеттерін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті, еліне елеулі азамат

тәрбиелеу.

 

Үйірменің жүргізілу мерзімі: 2017ж. 4 қыркүйек – 25 мамыр аралығында.

Өткізілетін уақыты:  әр дүйсенбі, сағат 15.30 – 16.00.

Қолданылатын көрнекі ақпарат: үлестірмелі суреттер, сызбалар, компьютер,

аудиодиск, мультимедиялық тақта

Әдіс-тәсілдері:

сұрақ-жауап, М.Монтессори

технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, сюжеттік-қойылымдар

 

Үйірме  жұмысының  мақсаты:

§     Балалардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын

арттыру;

§    

Тілдік

қабілеттерін дамыту;

§     Балалардың

әртісттік қабілеттерін арттыру;

§     Қазақ

халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен таныстыру;

§    

Қазақ тілінде өлеңдерді

мәнерлеп оқуға үйрету;

Үйірме жұмысының міндеттері:

§     балалардың қазақ

тілінен  сөздік қорларын байыту;

§     қазақ халқының

салт-дәстүрлерімен таныстыра отырып, ертегілерді рөлге бөліп сомдау арқылы қызығушылықтарын

ояту.

§    

әр түрлі ойындар арқылы

ыңталарын қалыптастыру.

 

Үйірме жұмысының жоспары

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Дошкольное детство»

республикалық орталығының «Программа по организации работы с одаренными детьми»

атты бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

 

Үйірменің

тақырыптық  жоспары

1. Қыркүйек

4. Желтоқсан

7. Наурыз

1. «Сәлем, балабақша!» танысу, әңгімелесу,

сұрақ-жауап.

2. Қазақстан Республикасының

Әнұранын жаттау.

1. «Біз Тәуелсіз Қазақстан

ұланымыз!» Қазақстан  туралы бейнебаян

көру,  білгендерімен бөлісу.

2. «Төрлет, төрлет Жаңа жыл» -

жаңа жылға арналған өлеңдер, әндер жаттау.

1. 8 наурыз Халықаралық әйелдер

күні. «Ана - өмірдің шуағы» тақырыбында аналар жайлы өлеңдер айту, жаттау,

тілектерін білдіру.  

2. «Қош, келдің Әз-Наурыз»

Наурыз мерекесінің тарихымен танысу, Наурыз көженің дайындалу әдісін көрсету.

2. Қазан

5. Қаңтар

8. Сәуір

1. «Қош келдің, алтын күз!»

өлеңдер жаттау, күз туралы жұмбақтардың шешімін табу.

2. «Айгөлек», «Ұлан»

«Балдырған», «Балбұлақ» және т.б. балаларға арналған журналдармен танысу.

1. «Мақта

қыз бен мысық»  ертегісін

драматизациялау.

2. «Құстар – біздің досымыз!»

тақырыбында құстар жайлы ой бөлісу, сұрақтарға жауап беру, танымдық

бейнеролик көру.

 

1. Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі.

2. Ұлттық ойындарды ойнайық.

3. Қараша

6. Ақпан

9. Мамыр

1. «Бауырсақ» ертегісін

драматизациялау.

2. Мақал – мәтелдер жаттау,

мағынасын түсіну.

1. Жаңылтпаштарды жаңылмай

айту, мағынасын түсіну.

2. Өтірік өлеңдер жаттау.

 

1. «Бейбіт күн жасасын!»

Жеңіс

күніне орай өлеңдер жаттау, бейнебаян көру, өз ойларымен бөлісу.

2. «Қошақаным» әнін үйрену,

мағынасын түсіну.

Просмотров: 331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст