Педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық-педагогикалық қызметін, кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету мақсатында а.ж. маусым - шілде айлары аралығында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
2017 жылғы конкурсқа жұмыстары облыстық іріктеу кезеңінен өткен өтілі 5 жылдан кем емес білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, республикалық мектептер, халықаралық мектептер, «НЗМ» АҚ, бала-бақша тәрбиешілері қатысты.
Биылғы жылы конкурсқа 87, оның ішінде 5 командалық авторлық жоба ұсынылып, 24 жоба оның ішінде 2 командалық жұмыс қорытынды кезеңге жолдама алды.
Қазылар алқасы авторлық жобаларды бағалап, жеңімпаздарына І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдары берілді және номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталды. Біздің педагог-психолог Муканова Жанылган Темиртасовна ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!