"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӨРКЕН" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "ӨРКЕН" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

25.04.2017

   «Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»           

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа

технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі

жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың

қолында»

(Н. Ә. Назарбаев)
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Балабақша

– үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің

шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол

таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау -

әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін,  сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа

формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін

- өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға

құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады,

дамиды.  Мұғалімге қойылатын талаптар:

бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі,

әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында

жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды

меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу

қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі –

оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың

бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ)

пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа

айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу

мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің

қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға

қалыптастыруды талап етеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет

атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау

мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан

қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын

программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен

құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер,

терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және

графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды

сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен

құрылымдар,  жергілікті желілер, әлемдік

деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.


Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

Интерактивті тақта;

Мультимедия;

Интернет кеңістігі;

Электронды оқулық.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) балалар

әрекетін ауыстырып отыру;

Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету,

салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу

қасиеттерін дамыту;


Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен балаға

сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

Баланың есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық

есте сақтау).


Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив баланың

танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі

қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін баланы

коммуникативтілікке бағыттап, сабақта бала іс - әрекетін ынталандыратын ерекше

сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі

емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады.

Бүгінгі күнде мұғалімдер балалардың жемісті және тиімді іс - әрекетін

ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі

емес сабақ түрлеріне видео сабақтар, интернет сабақ, сахналау - сабақ, саяхат -

сабақ және т. б. жатқызуға болады.


Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

Баланың еркін ойлауына мүмкіндік береді;

Ақыл - ойын дамытады;

Шығармашылық белсендігін арттырады;

Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

Тіл байлығын жетілдіреді;

Жан - жақты ізденушілігін арттырады.


 Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу

оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі

орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ

құралдарымен жұмыс істеу барысында балалардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс

жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.


Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы

кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған

тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда

АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан

осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.


Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы

ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге

қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан балаларға жаңа материалды

(иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.)

көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы

материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.

Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың

ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен

жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

 

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст