2017 жылдың сәуірдің 10-14 аралықтарында «Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігіндегі ағылшын тілі Аумақтық офисімен ынтамақтастық шеңберінде «Teaching Englis to Yjung» он сағаттық семинар өткізілді.
АҚШ елшілігіндегі ағылшын тілі бағдарламасын үйлестіруші Ольга Патерованың қолдауымен семинарды жүргізуге АҚШ Вермонт штатынан Дебора Фарлей шақырылды.Семинарда English Specialist бағдарламасы бойынша балалар бақшасының және бастауыш сыныптарының 53 ағылшын тілі мұғалімдері оқытылды. Солардың ішінде № 37 "Аленушка" балабақшасының мұғалімі Жанбаева Диляра Мукатовна қатысты.
Семинар интерактивтік режимде педагогтердің белесенді қатысуларымен өтті. Тыңдаушыларға мектептердегі кіші жастағыларды тілге оқытудың заманға сай әдіс-тәсілдері көрсетілді.Қатысушылар семинарда жұп, топ болып сөйлесу арқылы диалогпен ертегілерді ойнап, сабақ уақытында (time-managment) сабақты дұрыс жоспарлауды үйренді, ойнау технологияларын сапалы пайдаланып, ағылшын тілі сабағының қызықты мейілінше коммуникативті-сапалы болуына назарларын салды.Филиал директоры Е.Т.Исимбаевтың айтуы бойынша, ағылшын тілінің мұғалімдері тілді ұстанымшылармен араласып танысуларына керемет мүмкіншіліктерге ие болып, ағылшын тілін оқытудың ең жаңаланған әдістері туралы сапалы ақпарат алып, өздерінің кәсіби деңгейлерін көтерді.