Текст
Балалардың қауіпсіздігі, алғашқы қадам жасаған сәттен бастап, ата-аналарды алаңдататын басты мәселелердің бірі болуы керек. Барлығын болжап, баланы толықтай қорғау мүмкін емес, бірақ ата-ананың міндеті – қауіпті жағдайларды айтып, олардың неліктен болуы мүмкін екенін түсіндіру. Ата-аналар жиналысында кәмелетке толмаған істер жөніндегі учаскелік аға инспекторы полиция капитаны Турсимбаева Назира Каппасовна балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын алу мақсатында ақпаратпен таныстырды.